АБДИРАСИЛОВА ЗАУРЕ САДУАҚАСҚЫЗЫ
1977 жылы 30 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары. Тарих ғылымдарының кандидаты, педагог-шебер.
1999 жылы Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Жалпы тарих» кафедрасында оқытушы болып бастаған.
1999-2002 жылдары Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Жалпы тарих» кафедрасында оқытушы;
2003-2006 жылдары Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті аспиранты;
2007-2009 жылдары Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Жалпы тарих» кафедрасында аға оқытушы;
2009-2010 жылдары Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Жалпы тарих» кафедрасында доцент;
2010-2013 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Жалпы тарих» кафедрасының меңгерушісі;
2013-2014 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Дүниежүзі тарихы, экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі;
2017-2018 жылдары «Қазақ Ұлттық хореография академиясы» Жоғары оқу орынан кейінгі білім беру және редакциялық–баспа қызметі бөлімінің басшысы;
2018-2023 жылдары Тараз қаласының білім бөлімінің № 3 мектеп-лицейінің директоры;
2023 жылдың маусым айынан бастап Жамбыл ауданының білім бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарды.
2025 жылдың 10 қарашасынан бастап Меркі ауданының білім бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Тұрмыста, 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде.