"ROBOTEK GRAND TOURNAMENT" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ
ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, басқа инновациялық технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында 2023 жылдың 27 желтоқсан күні «Шерхан Мұртаза» атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының базасында өткен "Robotek Grand Tournament" робототехника жарысына аудан бойынша 7 команда 14 білім алушы қатысты.
Робототехника жарысында «Сұрыптаушы робот» санаты бойынша Н.Ерболұлы, М.Қабылбек (жетекшісі А.Кобегенова), «Жеткізуші робот» санаты бойынша А.Дүйсенбек, А.Дүйсенбек (жетекшісі А.Алтынбеков), «Мергендер» санаты бойынша Е.Тоқтаназаров, Е.Абилкасым (жетекшісі Н.Оразова) І орынды иеленіп жеңімпаз атанса, «Роботек» санаты бойынша М.Талғат, М.Қалас (жетекшісі Д.Сырғабаева), «Туды жеткізу» санаты бойынша Е.Мырзабек, Н.Акилов ІІІ орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!
