«Жамбыл, Кенен ұрпақтары – тәуелсіздікті жырлайды» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары
Ұлтымыздың ұлы ақындары, сазгерлері, жыр дүлділдері, айтыс өнерінің дарабоздары Жамбыл Жабаев пен Кенен Әзірбаевтің өмірі мен шығармашылығын насихаттай отырып, тәуелсіз еліміздің өткен тарихы мен бүгінгі жасампаз келбетін ашу арқылы жас ақындарға қолдау көрсету мақсатында «Жамбыл, Кенен ұрпақтары – тәуелсіздікті жырлайды» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.
19.12.2023
“TALANT CUP II" атты Республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары
Меркі ауданы білім бөліміне қарасты "Үміт" оқушылар сарайының педагогі Саурамбаев Бектас пен оқушысы Қайрат Бексейіт 48 команданың ішінен оза шауып 1-орын иегері атанды
17.12.2023
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды!
16.12.2023
Республикалық "Дала данышпандары" байқауының жүлдегері
11-13 желтоқсан аралығында Түркістан қаласында Республикалық «Қаз дауысты Қазыбек би» қорының ұйымдастыруымен 7-11 сынып оқушылары арасында арасында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би шығармаларын насихаттау арқылы шығармашылық қабілеттерін ашу, табиғи дарындылығын анықтау, олардың поэзияға, шешендік өнерге деген құштарлығын арттыру мақсатында өткен
13.12.2023
”DIRECTOR’S CUP” республикалық дебат турнирінің жеңімпаздары
2023 жылдың 6-7 желтоқсанында Атырау облысы Білім беру басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің мерекесіне орай еліміздің жаһандану кезеңіндегі мемлекетіміздің дамуы негізінде мектеп басшысының көшбасшылық қабілетін, зияткерлік әлеуетін жан-жақты аша түсуге, қоғамға таныту мақсатында ІІІ республикалық «Director`s CUP» дебат турнирі өткізілді.
08.12.2023
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!!!!
Есмаханбетова Асель Омирзаковна, Меркі ауданы, Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, «Денсаулық мәселелеріндегі сауаттылық» (медициналық сауаттылық) бағыты бойынша.
07.12.2023
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастырылуымен ағымдағы жылдың 29 қараша мен 1 желтоқсан күндері Шу ауданында ұстаздар арасында “Ұлттық спорт фестивалі” өтті.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастырылуымен ағымдағы жылдың 29 қараша мен 1 желтоқсан күндері Шу ауданында ұстаздар арасында “Ұлттық спорт фестивалі” өтті.
01.12.2023
Облыстық экологиялық байқауы
2023 жылдың қараша айында өткен облыстық "Табиғат лирикасы" тақырыбындағы шығармашылық экологиялық байқауының жеңімпаздары
01.12.2023
9-11 сынып оқушылары арасында V «Абайтану» олимпиадасы
Абай шығармаларын оқу арқылы көркемсөздің танымдық, тағылымдық, эстетикалық мән-маңызын түсініп, бейнеленген өмір құбылыстарын көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдылар қалыптастыру арқылы Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, білім мен білік дағдысын түрлі жағдаятта қолдана алуға бағыттау мақсатында республикалық V «Абайтану» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
30.11.2023
«Аспаптық орындау» номинациясы бойынша Ғ.Мырзақова БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді.
Меркі ауданының білім бөлімінің Қ.Жандарбеков атындағы балалар Өнер мектебінің оқушылары 26 қараша күні Шымкент қаласындағы «Жауқазын» Республикалық өнерлі балалар байқауының «Алашым-алты арысым!» атты өткізілген сайыста «Сахналық қойылым» жанры бойынша театр бөлімінің оқушылары БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алып, қаржылай сыйақымен марапатталып, аталған байқаудың «Аспаптық орындау» номинациясы бойынша Ғ.Мырзақова БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді.
Жас өнерпаздарымызды құттықтаймыз.
28.11.2023
“Меркістан” жайдарман тобы
Меркі ауданы, Оқушылар “Үміт” сарайының “Меркістан” жайдарман тобы облыстық “Әулиеата” жоғары лигасының қорытындысы бойынша І орынды иеленіп 400 000 сыйақы және кіші финал ойынының чемпиондары атанып және команданың ойыншысы Эргашев Ислам “үздік ойыншы” атанды!!!
28.11.2023
«Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының жеңімпазы
№44 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Айденов Саид Рустамұлы «Жарқыра, жас дарын!» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, Марат Алмазұлының марапаты мен бағалы сыйлықтарына ие болды.