Республикалық "Дала данышпандары" байқауының жүлдегері
11-13 желтоқсан аралығында Түркістан қаласында Республикалық «Қаз дауысты Қазыбек би» қорының ұйымдастыруымен 7-11 сынып оқушылары арасында арасында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би шығармаларын насихаттау арқылы шығармашылық қабілеттерін ашу, табиғи дарындылығын анықтау, олардың поэзияға, шешендік өнерге деген құштарлығын арттыру мақсатында өткен
13.12.2023
”DIRECTOR’S CUP” республикалық дебат турнирінің жеңімпаздары
2023 жылдың 6-7 желтоқсанында Атырау облысы Білім беру басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің мерекесіне орай еліміздің жаһандану кезеңіндегі мемлекетіміздің дамуы негізінде мектеп басшысының көшбасшылық қабілетін, зияткерлік әлеуетін жан-жақты аша түсуге, қоғамға таныту мақсатында ІІІ республикалық «Director`s CUP» дебат турнирі өткізілді.
08.12.2023
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!!!!
Есмаханбетова Асель Омирзаковна, Меркі ауданы, Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, «Денсаулық мәселелеріндегі сауаттылық» (медициналық сауаттылық) бағыты бойынша.
07.12.2023
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастырылуымен ағымдағы жылдың 29 қараша мен 1 желтоқсан күндері Шу ауданында ұстаздар арасында “Ұлттық спорт фестивалі” өтті.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастырылуымен ағымдағы жылдың 29 қараша мен 1 желтоқсан күндері Шу ауданында ұстаздар арасында “Ұлттық спорт фестивалі” өтті.
01.12.2023
Облыстық экологиялық байқауы
2023 жылдың қараша айында өткен облыстық "Табиғат лирикасы" тақырыбындағы шығармашылық экологиялық байқауының жеңімпаздары
01.12.2023
9-11 сынып оқушылары арасында V «Абайтану» олимпиадасы
Абай шығармаларын оқу арқылы көркемсөздің танымдық, тағылымдық, эстетикалық мән-маңызын түсініп, бейнеленген өмір құбылыстарын көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдылар қалыптастыру арқылы Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, білім мен білік дағдысын түрлі жағдаятта қолдана алуға бағыттау мақсатында республикалық V «Абайтану» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
30.11.2023
«Аспаптық орындау» номинациясы бойынша Ғ.Мырзақова БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді.
Меркі ауданының білім бөлімінің Қ.Жандарбеков атындағы балалар Өнер мектебінің оқушылары 26 қараша күні Шымкент қаласындағы «Жауқазын» Республикалық өнерлі балалар байқауының «Алашым-алты арысым!» атты өткізілген сайыста «Сахналық қойылым» жанры бойынша театр бөлімінің оқушылары БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алып, қаржылай сыйақымен марапатталып, аталған байқаудың «Аспаптық орындау» номинациясы бойынша Ғ.Мырзақова БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді.
Жас өнерпаздарымызды құттықтаймыз.
28.11.2023
“Меркістан” жайдарман тобы
Меркі ауданы, Оқушылар “Үміт” сарайының “Меркістан” жайдарман тобы облыстық “Әулиеата” жоғары лигасының қорытындысы бойынша І орынды иеленіп 400 000 сыйақы және кіші финал ойынының чемпиондары атанып және команданың ойыншысы Эргашев Ислам “үздік ойыншы” атанды!!!
28.11.2023
«Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының жеңімпазы
№44 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Айденов Саид Рустамұлы «Жарқыра, жас дарын!» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, Марат Алмазұлының марапаты мен бағалы сыйлықтарына ие болды.
27.11.2023
Республикалық «Ақберен» өнер байқауының республикалық кезеңінің жеңімпазы
Т.Қожакеев атындағы №39 мектеп-гимназиясының оқушысы Есеналы Жанайым “ Шешендік, білгірлік сайысы” бағыты бойынша ІІІ орын иегері атанды.
26.11.2023
2023 жылдың 25 қараша күні Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.
2023 жылдың 25 қараша күні
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Конкурстың облыстық кезеңіне Меркі ауданының атынан 13 оқушы 11 жобаны қорғады.
25.11.2023
«Әуелеген әсем ән!» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі әншілер байқауында
Тараз қаласында өткен облыстық «Әуелеген әсем ән!» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі әншілер байқауында Меркі ауданы білім бөліміне қарасты Оқушылар «Үміт» сарайының «Қазына» дәстүрлі ән үйірмесінің білім алушысы Жапсархан Аслан ІІ орынды, Қ. Жандарбеков атындағы балалар музыка мектебінің 1- сынып оқушысы Бабалы Жарас пен Емберген Мағжан ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Жас талантты балаларды жеңістерімен құттықтаймыз.