Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
"Меркі ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
Отдел образования Меркенского района управления образования акимата Жамбылской области
Басты бет / Ақпарат
Ақпарат
Республикалық "Ілияс Жансүгіров" оқуларының облыстық кезеңінің жүлдегерлері
Жалпы білім беретін оқу орындарының 8-11-сынып оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау мақсатында Республикалық "Ілияс Жансүгіров" оқуларының облыстық кезеңі
07.04.2023
Меркі ауданының 4 және 9 сынып оқушыларының білім деңгейі бойынша облыс бойынша Үздік көрсеткіш көрсетті!
Республика көлемінде 2022 жылы 4 және 9 сынып білім алушыларына жүргізілген білім жетістіктеріне мониторинг нәтижесінде облыс бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен Меркі ауданындағы N°17 И.Трубицын атындағы мектеп-гимназиясы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алғыс хатымен марапатталды.
07.04.2023
"Дін және дәстүр" кездесу
Жастар арасында толерантты мінез-құлықты қалыптастыру, мәдениет пен дінді құрметтеу, қазақстандық қоғамның полиэтникалық құрамының қалыптасу тарихы, қазіргі Қазақстанның дамуындағы дін саласындағы саясаты, діни экстремизм мен терроризмнің қатерін түсіндіру мақсатында "Дін және дәстүр" тақырыбында Асанбай Асқаров атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының білім алушыларымен кездесу өткізілді.
04.04.2023
Республикалық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының көрме- байқауының облыстық кезеңінде Бас жүлде иеленді!
Облыстық кезеңде Меркі аудандық білім бөліміне қарасты Оқушылар «Үміт» сарайының «Асыл мұра» қолданбалы қолөнер үйірмесінің білім алушысы Құлсары Аяулым «Ұлттық ою-өрнекті киім» номинациясы бойынша «Бас жүлде» және «Әсем» көркем сурет үйірмесінің білім алушылары Үсен Анель мен Жұмабек Әлия «Крейзи бул», «Джут» номинациялары бойынша «Бас жүлде» марапатын иеленіп, Республикалық байқауға жолдама алды.
04.04.2023
Экология балалар көзімен
Облыстық «Экология балалар көзімен» тақырыбында жас суретшілер байқауы өткізілді. Сұранысқа сәйкес үздік екі жұмыс облысқа жолданып, жүлделі орындар алды: 1-ші орынды №30 ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы Берік Ұлдана, 2-ші орынмен №17 ЖОББМЛ-нің 6 сынып оқушысы Ғабитжан Көркем иеленді. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
31.03.2023
6-11 сынып оқушылары арасында өткен дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауының облыстық кезеңі
6-11 сынып оқушылары арасында өткен дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық білім байқауының облыстық кезеңінде №16 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Шарип Мерей ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
31.03.2023
7-8 сыныптар арасында гандбол қол добы жарысы болып өтт
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 29-31 наурыз күндері Шу қаласында Ұлттық мектеп лигасы 7-8 сыныптар арасында гандбол қол добы жарысы болып өтті.
31.03.2023
Ұлттық мектеп лигасы 9-11 сыныптар арасындағы lll кезеңін ұйымдастырып өткізді
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың наурыз айында Қордай ауданында Ұлттық мектеп лигасы 9-11 сыныптар арасындағы lll кезеңін ұйымдастырып өткізді.
29.03.2023
Ұлттық мектеп лигасы 7-8 сыныптар арасындағы lll кезеңін ұйымдастырып өткізді
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың наурыз айында Шу қаласында Ұлттық мектеп лигасы 7-8 сыныптар арасындағы lll кезеңін ұйымдастырып өткізді. Жарысқа Жамбыл облысының аудан мен қала мектептері қатысты.
29.03.2023
“Жұлдызай -2023” ХVІІІ Республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңі
Бүгін Тараз қаласында ерекше оқуға қажеттігі бар балалар арасында «Жұлдызай-2023» шығармашылық фестивалінің облыстық кезеңі өтті.
28.03.2023
"Дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби құзреттілігі мен тәжірибесін жетілдіру" тақырыбында 80 академиялық сағат көлеміндегі біліктілік арттыру курсы басталды
"Дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби құзреттілігі мен тәжірибесін жетілдіру" тақырыбында 80 академиялық сағат көлеміндегі біліктілік арттыру курсы басталды
27.03.2023
Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 2023 жылғы 18-26 наурыз аралығын қоса алғанда 9 күнге созылады.
Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 2023 жылғы 18-26 наурыз аралығын қоса алғанда 9 күнге созылады.
16.03.2023
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан республикасы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы
Жамбыл облысы әкімі
Оршыбеков Нұрбек Әбубекұлы
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы
АБДИРАСИЛОВА  ЗАУРЕ САДУАҚАСҚЫЗЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің басшысы
8 (72-632) 4-43-76 | merkeabb@mail.kz | merkeabb@yandex.kz
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, Исмаилов к-сі, 165 2023 жыл
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы "Меркі ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі