«Сәлемдесу-тәрбиенің бастауы» атты акция өз жалғасын табуда
Қашанда адамшылық амандасудан бастау алатыны белгілі. Адам баласының рухани тарихында қол жеткен зор игілігі – сәлемдесу, оның шарапаты мен кереметі сонда - адамзат әдебінің қалыптасуында, әр адамның бір - бірімен тату - тәтті сыйласып ғұмыр кешуінде. Осы орайда, білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында түрлі деңгейде кездесулер, сынып сағаттар, қызықты кештер мен тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өткізілуде.